2011 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 145-қ Қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 қыркүйекте № 11-7-101 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қазандағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшері мен мамандықтар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Асауовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                    Е. Әбілов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Ақниязова Гүлбақыт Таңжарбайқызы
      "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы
      30 тамыз 2011 жыл

      Толыбаева Алмагүл Мұхамедиқызы
      "Мұнайлы аудандық экономика және
      қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      30 тамыз 2011 жыл

Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 145 - қ қаулысына
қосымша

2011 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшері

Мамандықтар  атауы

Барлық оқытылатындар (адам)

Оқу  мерзімі

Орташа оқу ақысы (теңге)

Барлығы  (мың теңге)

Жолға арналған шығын (1 адамға) теңге

1

Электромонтер

18

1 ай

20500

369 000

3520

2

Тігінші

10

1 ай

25000

250 000

3520

3

Қазаншы

10

1 ай

24000

240 000

3520


Барлығы

38



859 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады