Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 24 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 мамырда № 9-8-176 тіркелді. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 9 хатымен

      Ескерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2012.01.16 № 9 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Денисов ауданы әкімінің 2011 жылдың 7 сәуірдегі № 457 хатын қарастырып мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2011.06.09 № 31 (алғашқы ресми жарияланғанынаң кейін күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      кезекті он сегізінші сессиясының
      төрағасы С. Однодворский

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданының экономика
      және бюджетті жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ В. Филатова

      "Денисов ауданы әкімдігінің ауыл
      шаруашылығы және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі бастығы
      _______________________ А. Зимовец

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады