Мәслихаттың 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 24 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2011 жылғы 9 маусымдағы № 31 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 маусымда № 9-8-179 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 24 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9–8–176 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 3 маусымда "Наше время" газетінде жарияланған) шешімінің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Ж. Ахметов

      Денисов
      аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Б. Тойбағоров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданы
      әкімдігінің ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушысы
      __________________ А. Миловидов

      "Денисов ауданының
      экономика және бюджетті
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ В. Филатова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады