2011 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 348 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 маусымда № 9-14-153 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:
      1) аз табысты адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші–заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші–жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты, жұмыстан босатылған адамдар;
      13) ұзақ (он екі айдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      14) елу жастан асқан тұлғалар;
      15) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
      16) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
      17) кәсіби және техникалық, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар көздесін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің орынбасары С.К. Кульбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      ауданының әкімі                            А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы
      әкімдігінің "Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ______________________ В. Панин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады