Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын Мендіқара ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Мендіқара ауданы әкімінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 25 шешімі. Қостанай облысы Мендіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 9-15-163 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2012 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеу үйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Мендіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Мендіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу бойынша іс-шараларды үйымдастыру ұсынылсын.
      3. Селолық округтердің әкімдері, Боровской селосының әкімі:
      тіркеуге жататын азаматтарды хабардар етсін және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Мендіқара ауданының Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Қостанай облысы Мендіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Мендіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп:
      1) әскери оқу орындарына кандиттарды іріктеуге ауданның оқу орындарына нарядты жеткізсін;
      2) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушыларын әскери оқу орындарды бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін:
      3) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берсін;
      4) әскери оқу орнына тусуге әскери кәсіптік бағыттау мақсатында әрбір әскер жасына дейінгілермен жеке әңгімелесу өткізсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мендіқара
      ауданының әкімі                            Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Мендіқара
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ В. Антипов

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Мендіқара аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорны бас дәрігері
      ________________ Д. Ахметов

      Қазақстан Республикасы Ішкі
      істер министрлігі Қостанай
      облысының Ішкі істер департаменті
      Мендіқара ауданының Ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________ Н. Досымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады