1995 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2012 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Петропавл қаласының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы N 29 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 желтоқсанда N 13-1-208 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02.14/03-03/2881 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02.14/03-03/2881 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін қала әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, 1995 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2012 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Петропавл қаласының әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.К. Молдағұловқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Әшімбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Петропавл қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д. Ғабдуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады