"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы N 287 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы N 196 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 9 қыркүйекте N 13-7-157 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы N 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 06.02.2013 N 18 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» аудан әкімдігінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 284 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2010 жылғы 5 қаңтарда 13-7-139 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 14 қаңтарындағы аудандық «Ауыл арайы» газетінің 2 нөмірінде мемлекеттік тілде, 2011 жылдың 14 қаңтарындағы «Сельская новь» газетінің 2 нөмірінде орыс тілінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      нұсқалған қаулының қосымшасы «Ұйымдар тізбесіндегі қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі» реттік 21 нөмірлі жолмен осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Сарбасовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ыбыраев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасы Әділет
      Министрлігі сот актілерін орындау
      Комитеті Солтүстік Қазақстан облысы
      сот актілерін  орындау жөніндегі
      Департаментінің Жамбыл аумақтық
      бөлімі» филиалының бастығы                 Х. Ғабдуллин

Аудан әкімдігінің 2011 жылдың
10 тамызындағы № 196 қаулысына
қосымша

Аудан әкімдігінің 2010 жылдың
07 желтоқсанындағы № 287 қаулысына
қосымша

Ұйымдар тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі

р/№

Ұйымның атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрі

Жұмыстың көлемі

Жұмыс орындар саны

21.

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі сот актілерін орындау Комитеті Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау жөніндегі Департаментінің Жамбыл аумақтық бөлімі» филиалы

1. Сот актілерін орындау жөніндегі іс-қимылдарды атқаруға көмек көрсету

Орындаушылық өндіріс тарапынан хабарлама - 500 хабарлама, тіркеу және бақылау органдарына берешектер тарапынан сұранымдарды жіберу - 1000 сұраным, іс қағаздарын жүргізу - 800 іс

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады