Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2012 жылға қосымша тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 23 желтоқсандағы N 343 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 қаңтарда N 13-7-167 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі N 02-05-1.4-2/336 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 08.04.2013 N 02-05-1.4-2/336 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшiн мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2012 жылға қосымша тiзiмi белгiленсiн:
      1) 21 жастан 29 жасқа дейiнгi жастар;
      2) 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      3) колледждер мен кәсiби лицейлердiң түлектерi;
      4) ұзақ уақыт бойына жұмыс iстемейтiн тұлғалар (бiр жылдан артық);
      5) бiр де бiреуi жұмыс iстемейтiн отбасыларының тұлғалары.
      2. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне мақсатты топтарға қосымша жатқызылған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғауға жәрдемдесу бойынша уақытында iс-шаралар қабылдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Сарбасовқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы бiрiншi ресми жарияланған күнінен он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                С. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады