Қарабау ауыл округі, Сынтас елді мекенінің аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 182 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 сәуірде N 14-6-133 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі N 465 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.09.19 N 465 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2-тармағы 9-тармақшасына сәйкес және Қазығұрт ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2011 жылғы 3 наурыздағы N 2-8/88 санды ұсынысын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабау ауыл округі, Сынтас ауылы тұрғынының жеке қосалқы шаруашылығында құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қарабау ауыл округі, Сынтас елді мекенінің аумағына карантин режимiн және шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимi белгіленсін.
      2. Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясына (Д.Абдрасилов - келісімі бойынша) шектеу іс-шаралары енгізілген аумақта ветеринарлық-санитарлық талаптардың орындалуын қатаң бақылауға алу ұсынылсын.
      3. Қазығұрт аудандық ветеринария бөліміне (О.Көкеев) Қарабау ауыл округінің әкімімен (А.Ташқұлов) бірлесіп:
      1) шектеу қойылған аумақта қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, жою және залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастырсын;
      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шараларды өткiзсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Момыновқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев      

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазығұрт аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     Д.А.Абдрасилов
      11 сәуір 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады