Ордабасы ауданы бойынша базалық салық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы N 50/2 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 қарашада N 14-8-115 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 39/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 24.12.2014 № 39/15 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Ордабасы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 маусымдағы № 32/7 "Ордабасы ауданының жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) туралы" шешіміне сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378379381383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. "Жер салығының базалық ставкалары туралы" Ордабасы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 15/10 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 14-8-66-нөмiрмен тiркелген, "Ордабасы оттары" газетiнiң 19-нөмiрiнде 2009 жылғы 26 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс L сессиясының төрағасы                 Б.Орынбекұлы

      Аудандық мәслихат хатшысы                  П.Жұрман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады