Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерлерін ұлғайту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 09 маусымдағы N 33/6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 07 шілдеде № 5-1-167 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/4-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 17.05.2018 № 30/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 24.07.2014 № 30/5-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 24.07.2014 № 30/5-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      2. Тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай ұлғайтылған базалық ставкалардың мөлшері 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалары қолданылатын жақын жатқан елді мекен Өскемен қаласы болып айқындалсын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Ғ. Берғалиев



Қалалық мәслихаттың хатшысы

В. Головатюк


  Өскемен қалалық мәслихатының
2011 жылғы 9 маусымдағы
№ 33/6 шешіміне 1 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттар

1

Жер бетіндегі жабық түрдегі автотұрақтар, ашық түрдегі автотұрақтар

1 санат

2

Пандустары (рампалары) бар автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

3

Механикаландырылған автотұрақтар (паркингтер)

3 санат

  Өскемен қалалық мәслихатының
2011 жылғы 9 маусымдағы
№ 33/6 шешіміне 2 қосымша

Санаттарына қарай атотұрақтардың (паркингтердің)
жер салығының базалық ставкаларының мөлшері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Базалық ставканың ұлғаюы

1

1 санат

10 есе

2

2 санат

9 есе

3

3 санат

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады