Өскемен қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 маусымда № 5640 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы 505-бабына, 509 - бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жататын, Өскемен қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Өскемен қаласы болып айқындалсын.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерлерін ұлғайту туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 маусымдағы № 33/6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-167 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 13 шілдедегі "Рудный Алтай", 2011 жылғы 14 шілдедегі "Дидар" газеттерінде жарияланған);

      2) "Өскемен қалалық мәслихатының "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салық ставкалары туралы" 2011 жылғы 9 маусымдағы № 33/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 30/5-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3450 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған).

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы-
      қалалық мәслихат
      хатшысының өкілеттігін
      уақытша жүзеге асыратын А. Құрманғалиев

  Өскемен қалалық мәслихатының
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 30/4-VI шешіміне
1-қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Санаттары

1

Жер үстіндегі жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1-санат

2

Пандустары (рампалары) бар автотұрақтар (паркингтер)

2-санат

3

Механикаландырылған автотұрақтар (паркингтер)

3-санат

  Өскемен қалалық мәслихатының
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 30/4-VI шешіміне
2-қосымша

Өскемен қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай мөлшерлемелерді ұлғайту

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесі (1 шаршы метр үшін теңге)

Базалық мөлшерлеменің ұлғаюы

1

1-санат

9,65

10 есе

2

2-санат

9,65

9 есе

3

3-санат

9,65

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады