Күршім ауданының Қайнарлы ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 шілдедегі N 2178 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 16 тамызда N 5-14-134 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 03 қарашадағы N 2314 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2011.11.03 N 2314 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданының Қайнарлы ауылындағы ұсақ малдары арасында сарып ауруы шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Теректі ауылдық округінің әкіміне шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерді сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Күршім ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы                  М. Қалелов

      Келісілді:

      ҚР ДСММСЭҚК ШҚО
      департаментінің Күршім
      ауданы бойынша басқармасының
      бастығы                                    М. Садуакасова
                                                 26.07.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады