Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 24-2 "Бөрлі ауданы бойынша 2011 жылға арналған салық ставкаларын және біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 шілдедегі N 28-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 тамызда N 7-3-116 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 33-5

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 27.12.2011 № 33-5

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы бойынша 2011 жылға арналған салық ставкаларын және біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 24-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-3-107 тіркелген, 2011 жылғы 1 ақпандағы "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде N 10 жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
      аталып отырған шешімнің 1 қосымшасы мынадай мазмұндағы 3 тармақпен толықтырылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабы негізінде, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген жерлерге Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 381 бабында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын базалық салық ставкалары он есе ұлғайтылсын, 43,40 теңгені құрайды.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.

      Сессия төрайымы                  М. Махауова
      Аудандық мәслихат хатшысы        И. Измагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады