Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округі Жади қыстағына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 208 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 қазанда № 7-8-132 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011.11.11 № 265 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 135 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малынан қарасан ауруы пайда болуына байланысты, Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округі Жади қыстағына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) және Талдыапан ауылдық округінің әкіміне және "Казталов ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. И. Құтхожинға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 28 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімінің м.а.              С. Молдашев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Казталов
      аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      _____________Малахов Арген Сәбитұлы
      23.09.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады