Шектеу шараларын енгізіп ветеринариялық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Исатай ауылдық округінің әкімінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 қарашада № 3439 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Исатай ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Исатай ауылдық округі әкімінің 2013.01.13 № 1 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн – өзi басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттiк ветеринарлық инспекторының 2012 жылғы 15 қазандағы № 10-2/126 ұсынысының негiзiнде Исатай ауылдық округiнiң әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Исатай ауылдық округiне қарасты Жарсай–2 селосы аумағында ірі қара малдар арасында құтыру жұқпалы ауруының ошағы анықталуына байланысты, оны әрі қарай таратпай жою мақсатында шектеу шаралары енгiзiлiп, ветеринариялық режимі белгiленсiн.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.     

      Ауылдық округiнiң әкiмi                  А. Ақылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады