Қопа селолық округі бойынша Тамды селосына шектеу шараларын енгізіп ветеринарлық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа селолық округінің әкімінің 2012 жылғы 13 тамыздағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 тамызда № 3-12-154 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа селолық округінің әкімінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа селолық округінің әкімінің 17.10.2014 № 13 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Хромтау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2012 жылғы 01 маусымдағы № 15-4/92 ұсынысы негізінде Қопа селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Қопа селолық округінің Тамды селосында ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу шараларын енгізіп ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және қамтамасыз етуді өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алған ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қопа селолық округі әкімінің м.а: С.Сакенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады