Талдықорған қаласы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы N 25-859 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 27 қыркүйекте N 2133 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 38-1362 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 18.12.2014 № 38-1362 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес және Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 16 ақпандағы "Алматы облысы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларына (түйе, жылқы, ұсақ мал, шошқа) бірдейлендіру іс-шараларын жүргізу жоспарын бекіту туралы" N 29 қаулысын жүзеге асыру үшін қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары қосымшаға сәйкес ұйымдастырылып өткізілсін.
      2. "Талдықорған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Нұртас Тынышбайұлы Қиялбеков), Еркін және Өтенай ауылдық округ әкімдері (Нұрлан Сейтжапарұлы Сыдыбаев, Асқар Ханұлы Нұрбаев) аумақтардағы ауыл шаруашылығы жануарларына (түйе, жылқы, ұсақ мал, шошқа) бірдейлендіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық әкімдігінің 04.06.2013 N 10-472 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Талғат Қанатұлы Қайнарбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 16 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қала әкімі                                 Е. Алпысов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Талдықорған қаласының
      ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Нұртас Тынышбайұлы Қиялбеков
      22 тамыз 2012 жыл

      Талдықорған қаласының Еркін
      ауылдық округінің әкімі                    Нұрлан Сейітжапарұлы Сыдыбаев
      22 тамыз 2012 жыл

      Талдықорған қаласының Өтенай
      ауылдық округінің әкімі                    Рауан Турдангазыевич Ракымбеков
      22 тамыз 2012 жыл

Талдықорған қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 22 тамыздағы
"Талдықорған қаласы бойынша
ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру жұмыстарын
ұйымдастыру және өткізу
туралы" N 25-859 қаулысына
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қалалық әкімдігінің 04.06.2013 N 10-472 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

N

Қала, селолық округтердің атауы

Бірдейлендіруге жататын ауыл шаруашылығы жануарларының нақты саны (бас)

Ветеринариялық төлқұжатты рәсімдеумен ауыл шаруашылығы жануарларын сырғалау

түйе

жылқы

ұсақ мал

шошқа

басталу мерзімі

аяқталу мерзімі

1

Талдықорған қаласы

-

189

5000

1500

30.07.2013

31.12.2013

2

Өтенай селолық округі

20

699

8500

561

30.07.2013

31.12.2013

3

Еркін селолық округі

-

1154

8500

795

30.07.2013

31.12.2013


Барлығы

20

2042

22000

2856

30.07.2013

31.12.2013

кестенің жалғасы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру нәтижесін жөнінде дерекқорға енгізу

Бірдейлендіруді жүргізу бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғаның атауы

Жергілікті атқарушы органдардың жауапты орындаушылары

басталу мерзімі

аяқталу мерзімі

30.07.2013

31.12.2013

Ветеринариялық пункттері бар "Талдықорған қаласының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

"Талдықорған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы

30.07.2013

31.12.2013

Өтенай селолық округінің ветеринариялық дәрігері

30.07.2013

31.12.2013

Еркін селолық округінің ветеринариялық дәрігері

30.07.2013

31.12.2013



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады