Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 25 шілдедегі N 9 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 09 тамызда N 2-5-184 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 22.10.2012 № 16 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 17 мамырдағы N 12 ұсынысының негізінде, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек елді мекенінде ұсақ малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтүбек ауылдық округінің мал дәрігерлік бас маманы Асқар Қаипчаұлы Бибазаровқа жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі

Қ.Тұрлыбеков

КЕЛІСІЛДІ:


"Қазақстан Республикасы


Ауылшаруашылығы Министрлігі


ветеринариялық бақылау және


қадағалау комитетінің Алакөл


аудандық инспекциясы" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Қабаев Арман Маратұлы

25 шілде 2012 жыл


Алакөл ауданы бойынша


"Мемлекеттік санитарлық-


эпидемиологиялық қадағалау


басқармасы" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Шағайбаев Фурман Скендірұлы


      25 шілде 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады