Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 13 шілдедегі N 5 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 27 шілдеде N 2-5-183 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің 11.10.2011 № 12 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 15 маусымдағы N 45 ұсынысы негізінде, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылына ұсақ малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырыма қалдырамын.

      3. Осы шешім Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ынталы ауылдық


округінің әкімі

Р. Мамырбеков

КЕЛІСІЛДІ:


"Қазақстан Республикасы ауыл


шаруашылығы министрлігінің


ветеринариялық бақылау және


қадағалау комитеті


Алакөл аудандық аумақтық


инспекциясының бастығы

Қабаев Арман Маратұлы

13 шілде 2012 жыл


Алакөл ауданы бойынша


Мемлекеттік санитариялық-


эпидемиологиялық қадағалау


басқармасының бастығы

Шағайбаев Фурман Скендірұлы


      13 шілде 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады