Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын ұй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 тамыздағы N 8-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қыркүйекте № 1820 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 26-11 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қоса берiлiп отырған Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары бекiтiлсiн.
      2. «Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 36 – 6 шешімінің ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6 – 10 – 112 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 қарашадағы № 97 аудандық «Талас тынысы» газетіне жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімінің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың «Тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы Сейдалиев Рашид Мадибековичке жүктелсін.
      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      Х.К. Омаров                                міндетін атқарушысы
                                                 Х.Б. Джолдасов

Талас аудандық мәслихатының
2012 жылғы 14 тамыздағы
№ 8 – 5 шешiмiмен бекiтiлген

Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрi қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету қамтитын қызметтер;
      қызмет көрсетудi берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады;
      өтiнiш иесi (жеке тұлға) - жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген адам;
      уәкiлеттi орган – «Талас ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.
      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет есебiнен аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға төлемiн;
      2) тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемiн;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге көрсетiледi.
      Талас ауданындағы тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, күрделi жөндеуге ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сай, бюджет қаражаты есебiнен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, күрделi жөндеуге жұмсалатын коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi көрсетiледi.
      4. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға, коммуналдық қызметтерін және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Отбасының шектi ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 7 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      5. Ресми расталмаған табыс жұмысқа жарамды отбасының (азаматтың) әрбiр мүшесiнінің жеке өтінішіне сәйкес есепке алынады.
      6. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға күрделi жөндеуге, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемiн, тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.
      7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Мүгедектердi, магистратураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
      Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      9. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға; коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін қызметтерiн тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.
      10. Отбасының тұрғын үйді (тұрғынғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтерiн және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шектi ұйғарынды шығындардың үлесi өзгерген кезде уәкiлеттi орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiн қайта санауды жүргiзедi.
      11. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
      12. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
      13. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2) электр қуатын тұтыну нормалары (бiр айда):
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегін аудандық жергiлiктi өкiлдi органы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудің ережелері негiзiнде тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.
      бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 80 киловатт;
      бес және одан да көп мүшелi отбасына – 400 киловатт;
      3) газ шығындарының нормасы:
      газ пешiнiң, орталық жылу беру және ыстық су болған жағдайда айына 1 адамға – 18 текше метр;
      газ пешiнiң, орталық жылу беру және ыстық су болмаған жағдайда айына 1 адамға – 22 текше метр.
      4) алып тасталды- Талас аудандық мәслихатының 26.03.2013 № 13-6 шешімімен
      Ескерту.13- тармаққа өзгеріс енгізілді- Талас аудандық мәслихатының 26.03.2013 № 13-6 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      14. Тұрғын үйді (тұрғынғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкiлеттi органмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы алушылардың өтiнiштерi бойынша, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына аударылуы мүмкiн.

4. Қорытынды ережелер

      15. Осы ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады