«Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 тамыздағы № 8-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы N 13-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 сәуірде № 1912 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 26-11 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. «Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 тамыздағы № 8 – 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1820 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 81 аудандық «Талас тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      13 – тармағындағы 4 тармақшасы алынып тасталсын
      2. Осы шешімінің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың «Тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы Сейдалиев Рашид Мадибековичке жүктелсін.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      Д. Маселбеков                              Ж. Әсемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады