Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 92 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда N 2116 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 218 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.05.2018 № 218 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 385 "Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-10-141 болып тіркелген, аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде 2012 жылғы 3 ақпандағы N 5 (7322) санында жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Т. Тұяқбай

Аудандық маслихат хатшысы

М. Оңғарқұлов


  Ақтоғай аудандық мәслихатының
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
10 сессиясының N 92 шешіміне
қосымша

N

Салық салу объектісінің атауы

Салық салу объектісінің бірлігіне салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады