Әулиекөл ауданында қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 41 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 ақпанда № 9-7-153 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 26.05.2016 № 118 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012.05.11 № 140 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі проценті мөлшерінде;
      2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі проценті мөлшерінде.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012.05.11 № 140 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012.05.11 № 140 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Калиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Әулиекөл ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      ММ бастығы
      _________________ Р.С. Нұғманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады