Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 315 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 қыркүйекте № 3829 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № 132 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 10.04.2014 № 119 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жұмыс орындарының квотасы:
      1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде;
      2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды, жүгінген тұлғаларды жұмысқа бағыттауда осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Таран ауданы әкімдігінің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2011 жылғы 6 мамырдағы № 220 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-137 тіркелген, 2011 жылғы 2 маусымда "Шамшырақ" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Таран
      ауданының әкімі А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ
      "Таран ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
      _______________ Л. Өтешева
      "Таран ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      ММ бастығының міндеттерін атқарушы
      ________________ С. Круподерова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады