Ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 315 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 119 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырда № 4706 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № 132 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 315 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының квоталарын белгiлеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3829 тіркелген, 2012 жылғы 20 қыркүйекте "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сілтеме алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Өтеулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады