Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 29 тамыздағы № 54 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қыркүйекте № 3831 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 77 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 17.04.2013 № 77 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2012 жылға ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессиясынының төрағасы        И. Горбатенков

      Аудандық мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы               А. Искенова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының кәсіпкерлік
      және ауыл шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің, бастығы
      _________________ К. Аскаров

      "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің, бастығы
      _______________ Б. Займулдынова

      "Ұзынкөл ауданының экономика
      және бюджеттік жаспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің, бастығы
      ________________ Н. Абдрахманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады