Шарбақты ауданы бойынша 2012 жылға тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы N 57/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 наурызда N 12-13-144 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабы және 7-бабының 5-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралары туралы" N 836 қаулысына  сәйкес Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтың арасынан жұмыссыздарды алты ай мерзіміне жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Аймақтық еңбек нарығының сұранысына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін (келісім бойынша).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 ақпандағы 
N 57/1 қаулысымен    
бекітілді       

Халықты жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік
қорғау жөніндегі қосымша шараларға арналған әлеуметтік
жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесі

N р/с Жұмыс берушілердің атауы Мамандықтың, кәсіптің атауы Ұйымдастырылатын жұмыс орындары саны Айлық жалақы мөлшері теңге Бюджет есебінен мөлшері теңге Ай бойынша жұмыстың ұзақтығы

1

"Шарбақты Құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қамтамасыз ету жөніндегі слесарь

1

17439

8719,5

6

күзетші

1

17439

8719,5

6

әр түрлі жұмыстағы адам

2

17439

8719,5

6

2

"Сейтахметов К.Т." жеке кәсіпкер

асханалық жұмысшы

1

17439

8719,5

6

асханалық жұмысшы

1

17439

8719,5

6

3

"Абай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

агроном

1

17439

8719,5

6

зоотехник

1

17439

8719,5

6

нан пісіруші

2

17439

8719,5

6

құрылысшы

2

17439

8719,5

6

әр түрлі жұмыстағы адам

4

17439

8719,5

6

4

"Қалтаев" шаруа қожалығы

сауыншы

3

17439

8719,5

6


барлығы


19




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады