2012 жылға жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 49 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 17 ақпанда № 14-6-155 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 236 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің 2012.05.21 № 236 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-7) тармақшасына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев

Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген

      2012 жылға жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі

р/с

Жұмыс берушілердің атауы

Кәсiп (мамандық)

Ұйым дастыр ылатын жұмыс орындарының саны

Айлық жалақысының мөлшері (теңге)

Жастар практикасының ұзақтығы (ай бойынша)

1

«Қазығұрт нұры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

бағдарламашы

1

26000

6

2

«Алтынтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

экономист

1

26000

6

агроном

1

26000

6

3

«Ай шолпан» бөбекжай балабақшасы жеке мекемесі

психолог

1

26000

6

педагог

1

26000

6

емдеу ісі

1

26000

6

4

«Қазығұрт - проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

құрылысшы конструктор

2

26000

6

5

«Байтүгел» өндірістік кооперативі

инженер

1

26000

6

6

«Компания «Serper Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

бағдарламашы

1

26000

6

қаржыгер

1

26000

6

заңгер

1

26000


7

«Қазығұрт» селолық тұтыну кооперативі

бухгалтер

1

26000

6

агроном

1

26000

6

жерге орналастырушы

1

26000

6

8

«Айко и Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

биотехнолог

1

26000

6

азық түлік өндірісінің технологы

1

26000

6

9

Қазығұрт аудандық телекоммуникациялар торабы

радиотехник

1

26000

6

қаржыгер

1

26000

6

10

«Қызыл-Дихан» селолық тұтыну кооперативі

бағдарламашы

1

26000

6

электр құрал жабдықтарын жөндеу слесары

1

26000

6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады