Аягөз ауданының Өркен ауылдық округінің Өркен ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 тамыздағы N 489 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 07 қыркүйекте N 2644 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 03 қазандағы N 532 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012.10.03 N 532 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз аудандық аумақтық инспекция бастығының 2012 жылғы 20 тамыздағы № 401 ұсынысының негізінде, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданының Өркен ауылдық округінің Өркен ауылында ұсақ мүйізді малдары арасында пастереллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аягөз аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (Б. Мусафирбеков), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (Д. Жұмақанов) жеке және заңды тұлғалармен міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Е. Қуанышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Ә. Мұхтарханов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аягөз аудандық
      аумақтық инспекция бастығы                 Б. Мусафирбеков

      2012 жылғы 29 тамыз

      Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы            Д. Жұмаханов

      2012 жылғы 29 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады