Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы № 3/32-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 19 маусымда № 5-10-134 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 20/185-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 20.04.2018 № 20/185-VI шешімімен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тіркелген салықтың ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 қазандағы № 15/8-ІV шешімнің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 17 қарашада № 5-10-89 тіркелген, "Қалба тынысы" газетінде 2009 жылғы 20 қарашадағы № 47 санында, 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 49 санында жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 2/17-V "Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы" шешімнің күші жойылсын.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Нұртазин

Мәслихат хатшысы

Н. Есполов


  Жарма аудандық мәслихатының
2012 жылғы 5 маусымдағы
№ 3/32-V шешіміне қосымша

Жарма ауданы бойынша тіркелген салықтың ставкалары

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады