Жарма ауданының Терістаңбалы ауылдық округінің "Терістаңбалы" ауылына шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 шілдедегі N 178 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 03 тамызда N 2629 тіркелді. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 шілдедегі N 37

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 26.07.2013 N 37.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 383 ұсынысы негiзiнде, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарма ауданының Терістаңбалы ауылдық округінің «Терістаңбалы» ауылында ірі қара малдар арасында сарып ауруының шығуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимi белгiленсiн.
      2. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы (Д. Данабаев), сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Жарма ауданы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығы (Г. Кулжанбекова), мүдделі жеке және заңды тұлғалармен орындауға мiндеттi ветеринарлық iс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Жарма ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы                 Н. Шалтабанов

      Келісілді:

      «Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитеті Жарма аудандық
      аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы                          Д. Данабаев

      2012 жылғы 27 шілде

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      Министрлігінің мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің
      Жарма ауданы бойынша басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Кулжанбекова

      2012 жылғы 27 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады