Зырян ауданы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге жер салығының ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2012 жылғы 29 наурыздағы N 2/7-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 03 мамырда N 5-12-139 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 29/7-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы мәслихатының 31.03.2014 N 29/7-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 386-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес автотұрақтардың түрлері бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары бекітілсін.
      2. 2 қосымшаға сәйкес автотұрақтардың санаттарына байланысты, тұрғын үйлер қорындағы жерлерді соның ішінде оларда орналасқан құрылымдар мен ғимараттарды есепке алмағанда Зырян ауданының аумағындағы автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген елді мекендердің жерлерін базалық ставкалар ұлғайтылсын.
      3. Зырян қаласына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Зырян қаласы анықталсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Сессия төрағасы                            О. Ледянкин

      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы                           Г. Денисова

Зырян ауданының мәслихатының
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 2/7-V шешіміне
1 қосымша

Зырян ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың түрлері

Санаттары

1

Жабық түрлі жер бетіндегі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2

Басқа мақсаттағы ғимараттарға қатар салынған автотұрақтар (паркингтер), басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғаса салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ғимараттардың астында жер астындағы, жер төледегі, немесе төменгі жер үстіндегі қабаттардағы автотұрақтар (паркингтер)

3 санат

Зырян ауданының мәслихатының
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 2/7-V шешіміне
2 қосымша

Зырян ауданы бойынша санатқа байланысты, автотұрақтар
(паркингтер) үшін бөлінген жерлердің жер салығының
ставкаларының мөлшері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Ставкалар

1

1 санат

10 есе

2

2 санат

9 есе

3

3 санат

8 есе

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады