Қарақол ауылдық округінің Қарақол ауылынан мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарақол ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 02 сәуірдегі N 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 16 сәуірде N 5-18-147 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы Қарақол ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі N 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Қарақол ауылдық округі әкімінің 2012.09.18 N 17 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2012 жылдың 11 наурыздағы № 107 ұсынысы негізінде Қарақол ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Қарақол ауылдық округінің Қарақол ауылында мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып, шектеу қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Т. Тұрыспековке осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Қарақол ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері М. Мусабаев сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қарақол ауылдық
      округінің әкімі                            А. Лебаев
 

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылық Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Үржар
      аудандық аумақтық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринариялық-
      санитариялық инспекторы                    Т. Тұрыспеков
 
      02 сәуір 2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады