Қаратал ауылдық округінің Бұғыбай, Қаратал ауылдарының мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 28 мамырдағы N 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 18 маусымда N 5-18-151 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімінің 27.01.2014 N 02 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2012 жылдың 04 мамырдағы № 424 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Қаратал ауылдық округінің Бұғыбай, Қаратал ауылдарының мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы Қазақстан Республикасының саласындағы ветеринария заңнамаға сәйкес ветеринариялық режимінің іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы К. Жүніспековке көрсетілген іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Қаратал ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері Б. Кәрібжанов сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қаратал ауылдық округінің әкімі            Б. Қасенов

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылық Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Үржар
      аудандық аумақтық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
      инспекторы                                 К. Жүніспеков

      28 мамыр 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады