Орал қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 9-14 "Орал қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 мамырдағы № 5-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 маусымда № 7-1-237 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 қазандағы № 17-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 21.10.2013 № 17-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 67-баптарын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 2 шiлдедегi № 9-14 шешіміне (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7-1-101 тiркелген, 2008 жылғы 24 шiлдеде "Жайық үнi" газетiнде № 30 және 2008 жылғы 24 шiлдеде "Пульс города" газетiнде № 30 жарияланған) келесi өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2 тармақта "шешімі" деген сөзді "қорытындысы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2 тармақтың 3) тармақшасындағы екінші абзацта "материалдық"  деген сөзі алынып тасталсын;
      2 тармақтың 3-1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3-1) мереке және даталы күндеріне берілетін бір жолғы көмекті төлеу келесі мөлшерде жүзеге асырылады:
      бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майдандағы армия флот құрамына кірген бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілерге – 30 000 теңге;
      бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, партизандар мен астыртын күрес жүргізушілер, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери-теңіз базалары мен аэродромдар салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрi зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшiлерге теңестiрiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге – 30 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелетін қалаларда болған адамдарға – 10 000 теңге;
      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға – 3 000 теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 3 000 теңге;
      бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан-Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлерге - 10 000 теңге;
      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апатына тiкелей қатысқан адамдарға - 10 000 теңге;
      бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - 10 000 теңге;
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына - 10 000 теңге;
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасына - 10 000 теңге;
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасына - 10 000 теңге;
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасына - 10 000 теңге;
      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда - 3 000 теңге;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың қайталап некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 3 000 теңге;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің қайталап некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 3 000 теңге;
      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасына - 5 000 тенге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға - 3 000 теңге;
      бірнеше негіздеме бойынша біржолғы көмекті алуға бірдей құқығы бар тұлғаларға біржолғы көмек олардың таңдауы бойынша бір негіздеме бойынша төленеді;";
      шешімнің 2 тармағы келесі мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) интернационалист жауынгерлерді еске алу күні - Ауғанстан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне төлемдер;
      9) Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күнi – Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға және қаза тапқан адамдардың отбасына төлемдер.".
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының
      кезекті 5-ші сессиясының
      төрағасы                         М. Берген
      Орал қалалық мәслихатының
      хатшысы                          А. Шыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады