Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2-4 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 7-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қаңтарда № 3149 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 6 қарашадағы № 13-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 06.11.2013 № 13-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-4-130 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамыр - 4 маусымдағы "Орда жұлдызы" газетінің № 22 жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      2) тармақшасында мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды жергілікті бюджетпен көзделген қаражат шектерде санаторлық курорттық емделудi ұсыну.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                  Р. Мұхамбетчин
      Мәслихат хатшысы                 Е. Таңатов
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады