Зеленов ауданы бойынша 2012 жылға жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 143 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 мамырда № 7-7-140 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 04.01.2013 № 50 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жастар практикасы техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектерi арасынан тiркелген жұмыссыздарға ұйымдастырылсын.
      2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012.06.22 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Жастар практикасын өткiзудi қаржыландыру шаралары бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                      М. Унгарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады