Шектеу шараларын енгізіп ветеринариялық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы селолық округінің әкімінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 01 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 сәуірде № 3567 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы селолық округінің әкімінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 04 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы селолық округінің әкімінің 10.06.2013 № 04 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-127 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2013 жылғы 27 ақпандағы ұсынысы негізінде Байғанин ауданы Миялы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Түйе малдарынан құтыру ауруының шығуына байланысты Миялы селолық округінің Дияр елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізіп, ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Миялы селолық округінің бас мал дәрігері (Н.Ибраймов) міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастырсын және жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Миялы селолық округі әкімінің
      міндеттерін уақытша атқарушы              И.Мәнібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады