Теректі ауылдық округінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 31 мамырдағы N 07 шешімі. Алматы облысының әділет департаментінде 2013 жылы 12 маусымда N 2376 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің 19.11.2013 № 11 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2013 жылғы 27 наурыздағы N 01 ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауылдық округінде ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                Б. Әзімжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Алакөл ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының басшысы
      Алакөл ауданының Бас
      мемлекеттік санитарлық
      дәрігері                                   Фурман Скендірұлы Шағайбаев
      31 мамыр 2013 жыл

      "Қазақстан Республикасының
      ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Алакөл
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Арман Маратұлы Қабаев
      31 мамыр 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады