Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата ауылы аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 тамызда № 1993 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-127 баптарына сәйкес және Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 06-02/62 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қошқарата ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Дербисалиев Мухтар Дартаевичке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б.М. Тулендиев

«КЕЛІСІЛДІ»:

«Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Жуалы аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.А. Бүркітбаев
1 тамыз 2013 жыл

«Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Искаков
1 тамыз 2013 жыл

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Ошанов
1 тамыз 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады