Т.Рысқұлов ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 393 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 қазанда № 2022 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының бір пайызы мөлшерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Райжанұлы Іңкәрбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудан әкімі                                М. Смаилов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады