Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 7 ақпандағы N 12/103 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 наурыздағы N 2204 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-156 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 22 маусымдағы N 26 (7776) "Сарыарқа" газетінде және 2012 жылғы 22 маусымдағы N 25 (321) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған), Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы XI сессиясының "Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 9/75 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1929 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 28 қыркүйектегі N 41 (7791) "Сарыарқа" газетінде және 2012 жылғы 28 қыркүйектегі N 40 (336) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған), келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ереженің (бұдан әрі - Ереже) 2 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылған тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
      Ереженің 20 тармағы келесі мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В.Ю. Сотников

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                С.Т. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады