Қаражал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы II сессиясының N 19 "Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХIV сессиясының 2013 жылғы 27 наурыздағы N 110 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 сәуірде N 2316 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы II сессиясының N 19 "Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-5-127 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы N 18 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешіміне, Қаражал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі VIII сессиясының N 65 "Қаражал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы II сессиясының N 19 "Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1956 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 31 қазандағы N 43 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешімімен өзгерістер енгізілген, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың 9) тармақшасындағы ". " тыныс белгісі "; " тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      1-тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) есептеу құралы - тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясының бiр фазалық есептеуiшi.";
      2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге жұмсалатын айлық шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiнің 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету үшін белгіленетін өлшем болып табылады.";
      11-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "11. Тапсырылған құжаттарды қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган осы Ереженің 1, 2-қосымшаларына сәйкес үлгі бойынша бланктерді толтырады.";
      17 тармақтың 8) тармақшасындағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      17-тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын түбiртек-шот.";
      Ереженің 13-қосымшалары осы шешімнің 12-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
      Ереженің 2-қосымшасы алынып тасталынсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
      3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ХIV сессияның төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы                З. Оспанова

Қаражал қалалық мәслихатының
2013 жылғы 27 наурыздағы
XIV сессиясының N 110 шешіміне
1-қосымша

Қаражал қалалық мәслихатының
2012 жылғы 28 наурыздағы
II сессиясының N 19 шешіміне
1-қосымша

              Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы
                           өтiнiш

      Мен ___________________________________________________________
                              (Т.А.Ә., туған жылы)
тұрғын үйдiң меншiк иесi (жалға алушысы) болып табылатын, жеке куәлiк
N _______________, кiммен берiлдi ______________, ЖСН _______________
Қаражал қаласы ____________________________ тұратын менiң мекен жайым
бойынша құрамында _____ адам отбасыма коммуналдық және өзге де
қызметтер төлемдерi бойынша, есептеу құралының құнын төлеуге
шығындарды өтеу үшiн тұрғын үй көмегiн тағайындауыңызды сұраймын.

N р/с

Өтiнiш берушi отбасының мүшелерi Т.А.Ә.

Туған күнi

Туыстық қатынастары

Әлеуметтiк мәртебесi

1

2

3

4

5

      Өтiнiшке қажеттi құжаттарды ____ данада қоса беремiн.

Есептiк шоттың N ________________ Банктiң атауы _____________________

      Өзгерiстер болған жағдайда 10 күннiң iшiнде ол туралы хабарлауға мiндеттенемiн.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 177-бабының 1-тармағына және 325-бабының 3-тармағына сәйкес, ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жауапкершiлiкпен таныстым.

"____"____________ 20 ____ ж. Өтiнiш иесiнiң қолы ___________________

Құжаттарды қабылдадым _______________________________________________
                     (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)

---------------------------------------------------------------------
                          кесу сызығы

Азамат ____________________________________________ тұрғын үй көмегiн
тағайындау үшiн берiлген өтініші қоса берілген құжаттармен __________
парақта қабылданды.

"____" ___________ 20 ____ ж. _______________________________________
                              (құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә.)

Қаражал қалалық мәслихатының
2013 жылғы 27 наурыздағы
XIV сессиясының N 110 шешіміне
2-қосымша

Қаражал қалалық мәслихатының
2012 жылғы 28 наурыздағы
II сессиясының N 19 шешіміне
3-қосымша

Отбасының тiркелу нөмiрi _________________

              20 ___ жылғы _______________ тоқсандағы
            өтiнiш берушiнiң отбасысы мүшелерiнiң алған
                        табыстары туралы
                            МӘЛIМЕТ

_____________________________________________________________________
                    (өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)

т/б N

Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.

Табыстардың құжатпен расталған сомасы

Басқа да мәлiмделген табыстар

табыс түрi

сомасы, теңге

табыс түрi

сомасы, теңге





































      Өтiнiш берушiнiң қолы _______________

      Маманның қолы _______________________

      Күнi ________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады