Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 275 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 қазанда № 4524 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Қызылорда облысының агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеуді ұйымдастыру қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсiн.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 23.12.2014 N 795 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы "11" қыркүйектегі
№ 275 қаулысымен бекітілген

Қызылорда облысының агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеуді ұйымдастыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Қызылорда облысының агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеуді ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрi - Қағида) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және оларды облыстық бюджет қаражаты есебiнен енгiзу мен тарату үшiн Қызылорда облысының агроөнеркәсiп кешенi (бұдан әрi – облыс АӨК) саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеуді ұйымдастырудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеудi және өткiзудi, сондай-ақ тамақ өнеркәсiбiн, оларды қазiргi заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететiн iлеспе өндiрiстер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсiздiктi, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
      2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерi - агроөнеркәсiптiк кешенде қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      3) бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте облыстың АӨК инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу бойынша бюджеттiк бағдарламаға әкiмшiлiк ету жөнiндегi функциялар жүктелген жергiлiктi атқарушы орган "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      4) инновация – экономикалық тиiмдiлiктi арттыру мақсатында, экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер техникалық, өндiрiстiк, әкiмшiлiк, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешiмдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрiнде iс жүзінде асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң нәтижесi;
      5) өтінім – инвестициялық жобаларды іріктеп алу жөніндегі конкурсқа қатысуға берілетін белгіленген үлгідегі құжаттар пакеті;
      6) өтініш беруші - инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім берген жеке немесе заңды тұлғалар.

2. Инновациялық жобаларды iрiктеу шарттары

      3. Инновациялық жобаларды iрiктеу өтiнiш бергендер арасында жүзеге асырылады және агроөнеркәсiптiк кешеннiң мынадай салалық бағыттары бойынша жүргiзiледi:
      өсiмдiк шаруашылығы және егiншiлiк (оның iшiнде өсiмдiктердi қорғау және өсiмдiктер карантинi);
      мал шаруашылығы және ветеринария;
      ауыл шаруашылығын механикаландыру;
      ауылшаруашылық өнiмiн қайта өңдеу.
      4. Қызылорда облысының жағдайында қолданылатын АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізу мен таратуға өзіне төмендегіні қамтиды:
      1) осы өңірдің табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қолданбалы АӨК субъектілерінде инновациялық агротехнологияларды енгізу мен таратуға беріледі;
      2) ауыл шаруашылығын жүргізудің технологиялық әдістерін енгізу және тарату, ауылшаруашылық өнімін өндіру үдерістерін жетілдіру;
      3) су ресурстарын тиімді жүргізудің технологиялық әдістерін енгізу және тарату;
      4) облыстың АӨК жаңа машиналарды және механизмдерді енгізу және пайдалану, инженерлік нысандардың немесе техникалық жүйенің конструкцияларын көбейту (конструкторлық жұмыстар);
      5) ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжірибелік үлгілерін (жаңадан жасалған қағидаттық өзгешеліктері бар бірегей моделдерді) енгізу және тарату;
      6) Қызылорда облысының табиғи-климаттық, топырақ жағдайына бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын әзірлеу, енгізу және тарату.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.12.2015 № 250 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Жұмысты бағалау келесi iс-шараларды орындау бойынша жүзеге асырылады:
      1) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрi – ҒЗТКЖ) нәтижелерiн өндiрiске енгiзудi, оның iшiнде зерттеулер үшiн ғылыми шығын материалдарын сатып алуды ғылыми-әдiстемелiк сүйемелдеу жөнiнде кеңес беру қызметтерi;
      2) облыстың АӨК субъектiлерiнiң немесе ғылыми, тәжiрибелiк және өзге де аграрлық сала ұйымдарының өндiрiстiк базасында "егiстiк күндерi" ғылыми-практикалық семинар-кеңестерін өткiзу;
      3) ҒЗКТЖ тәжiрибесiн және алынған нәтижелерiн тарату (тұсау кесер, брошюралар, буклеттер әзiрлеу және шығару бейнематериалдарын дайындау).
      6. алынып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.12.2015 № 250 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Инновациялық жобаларды iрiктеу тәртiбi

      7. Инновациялық жобаларды iрiктеудi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi конкурстық негiзде жүргiзедi.
      8. Құрамына ауыл шаруашылығына жетекшiлiк ететiн облыс әкiмiнiң орынбасары, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының өкiлдерi, жергiлiктi өкілді органдар, ғылым және қоғамдық бiрлестiктері енгізілген инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiндегi конкурстық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) облыс әкімінің өкімімен құрылады.
      Комиссияның жұмыс органы бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi болып табылады.
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мерзімдік басылымда және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тiлдерiнде конкурс өткiзуге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей конкурс өтетiнi туралы хабарландыруды орналастырады.
      9. Алдағы конкурс туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
      1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдау мерзiмi және орны;
      2) конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмге қоса ұсынылатын қажеттi құжаттардың тiзбесi, оларды рәсiмдеу талаптары;
      3) іріктеу жүргізілетін инновациялық жобалардың басым бағыттарының атаулары.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.12.2015 № 250 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      10. Өтiнiш берушi инновациялық жобаны енгізу жөніндегі өтiнiмдi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне жарияланған хабарландыруда белгiленген мерзiмде және осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда бередi.
      11. Өтiнiш берушi өтiнiмге, оның ажыратылмайтын бөлiгi ретiнде мынадай құжаттарды қоса бередi:
      1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
      2) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына түсiндiрме жазба;
      3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес өтініш берушімен әзірленген инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың шығыс сметасы;
      4) аграрлық сипаттағы инновациялық технологияларды енгiзу және тарату үшiн қажеттi ғылыми-техникалық және материалдық-өндiрiстiк базаға құқық белгiлейтiн құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақытының аяқталуының алдындағы бір айдан бұрын емес берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      6) өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар өтінім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер өтінім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарын, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақытының аяқталуының алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
      7) лицензиялардың не электрондық құжаттық қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, өтініш берушінің аграрлық бейіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салаларда жұмыстар орындауға біліктілік талаптарын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      8) заңды тұлғалар үшiн қосымша:
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін.
      Ескертпе: *"Қазақстан Респбликасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      9) жеке тұлғалар үшiн қосымша:
      жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облыстық әкімдігінің 23.12.2014 № 795; 07.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      12. Өтiнiм және қоса берiлген құжаттардың тiзбесi көрсетіле отырып, барлық құжаттар бiр папкаға жинақталады, парақтары нөмiрленіп, тігіліп, мөр басылып, осы Қағида мен оның қосымшаларының талаптарына сәйкес ресiмделген болуы тиiс.
      13. Өтiнiш берушi берiлген құжаттардың, бастапқы мәлiметтердiң, есептеулердiң, негiздемелердiң толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етедi.
      14. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткен соң бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініштерді алдын ала іріктеу жұмысын жүргізеді.
      Алдын ала іріктеу мына критерий бойынша жүргізіледі:
      1) өтініш беруші материалдарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
      2) өзектілігі және облыстағы АӨК дамуының басым бағыттарына сәйкестігі.
      15. Өтiнiмдерi алдын ала iрiктеуден өткен өтiнiш иелерiне, 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде алдын-ала iрiктеу қорытындысы немесе көрсетiлген себепке байланысты өтiнiмнiң керi қайтарылуы туралы жазбаша түрде хабарланады.
      16. Өтiнiм мына жағдайда керi қайтарылады:
      1) өтiнiш берушi ақпараттарды толық ұсынбаса немесе өтiнiм құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сай жасалмаса;
      2) жоба iске асырылатын орын тиiстi облыстан тыс жерге орналасқан жағдайда;
      3) өтiнiш жасалған бюджеттiк бағдарлама шаралары осы өңiрдiң АӨК дамытудың басым бағытына қатысы болмаса;
      4) өтiнiш беруші бұрын бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде қаржы алып, бiрақ бюджеттiк бағдарламаның шараларын iске асыру барысы қанағаттанарлық емес деп танылса.
      17. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін өтінімдер бойынша бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi кешенді қорытынды шығарады, сосын ол Комиссияның қарауына беріледі. Комиссия өтiнiмдердi алдын ала iрiктеуден өткен жобалар бойынша өтiнiмдердi кешендi бағалау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      Комиссия кешендi бағалауды мына өлшемдері бойынша жүргiзедi:
      1) жобаның инновациялық бағытталғандығы, техникалық жүзеге асырылу және оның облыстың АӨК-ге енгізу мен таратуға дайындық деңгейі;
      2) инновациялық жоба қаражаттарының игерілуіне егжей-тегжейлі құрылған көрінісінің болуы және инновациялық жобаның облыс АӨК-де әрі қарай келешегі;
      3) инновациялық жобаны орындау үшін жабдықтың, инфрақұрылымның және ресурстардың болуы;
      4) инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
      5) инновациялық жобаның экономикалық мақсатқа лайықтығы.
      18. Өтiнiмдi кешендi бағалау жүргiзу барысында комиссия өтiнiш берушiлерден түсiнiктеме беретiн ақпарат сұратуға, бағалауды сапалы жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында қажет болған кезде тиiстi бiлiктiлiктегi басқа мамандарды тартуға құқылы. Өтiнiмдердi кешендi бағалау және iрiктеу 10 (он) жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      19. Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша Комиссия инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссия ұсынымдары комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.12.2015 № 250 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      20. Комиссия отырыстары оның құрамының жалпы санының екiден үш бөлiгi қатысқанда заңды деп есептеледi. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      Егер Комиссия мүшелерiнiң бiрi қабылданған шешiммен келiспесе және хаттамаға қол қоймаса, ол өзiнiң келiспеу себептерiн жазбаша түрде баяндайды, ол Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
      21. Комиссияның ұсынымы негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның отырысының хаттамасына қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарлама шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.12.2015 № 250 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      22. Инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданған сәттен бастап бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз деп анықталған өтінім берушімен инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша шарт жасайды.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.12.2015 № 250 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      23. Инновациялық жобаны қаржыландыруға берілген бюджет қаражаты бекітілген шығындар сметасында қарастырылмаған мақсаттарға пайдаланылған жағдайда жергілікті бюджетке толық қайтаруға жатады.

  Қызылорда облысының агроөнеркәсiптік
  кешен саласындағы инновациялық жобаларды
  iрiктеуді ұйымдастыру қағидасына
  1-қосымша
  Нысан

Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi өтiнiм

1.
Тiркеу нөмiрi және күнi
(бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң қызметкерлерi толтырады)
 
2.
Инновациялық жобаның атауы
 
3.
Өңiрдiң агроөнеркәсiптiк кешенiнде инновациялық тәжiрибенi енгiзу және тарату саласы (кiшi саласы)
 
4.
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың қысқаша сипаттамасы
(жобаның негiзгi мақсаттарын және мәнiн, жоба нәтижелерiнiң нақты қолданылуын, осыған ұқсас жобаларды iске асыруға қатысу тәжiрибесiн көрсету)
 
5.
Жобаның ұзақтығы (айлармен есептегенде)
 
6.
Жобаның басталу және аяқталу күнi
 
7.
Сұратылған қаражат сомасы (теңге)
 
8.
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. немесе (атауы), мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық поштасының мекенжайы)
 
9.
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға қатысатын агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерiнiң атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық поштасының мекенжайы
 

  Қызылорда облысының агроөнеркәсiптік
  кешен саласындағы инновациялық жобаларды
  iрiктеуді ұйымдастыру қағидасына
  2-қосымша

Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Қызмет түрлерi
Күтiлетiн нәтижелер
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
1
 
 
 
 
2
 
 
 
 
3
 
 
 
 

  Қызылорда облысының агроөнеркәсiптік
  кешен саласындағы инновациялық жобаларды
  iрiктеуді ұйымдастыру қағидасына
  3-қосымша

Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына түсiндiрме жазба

      1. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың атаулары.
      2. Iс-шараларды iске асыру орны: елдi мекен.
      3. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың мақсаты және мiндеттерi.
      4. Өтiнiш берушiнің қысқаша сипаттамасы:
      өтiнiш берушiнiң толық атауы;
      өтiнiш берушiнің негізгі қызметiнiң сипаттамасы;
      басты мамандар, олардың орындайтын қызметтерінің түрлерi (түйiндемесi және бiлiктiлiгiн растайтын құжаттары қоса берiле отырып).
      5. Өндiрiстiң осы буынындағы проблемаларды, осы проблемаға бағытталған iс-шараларды көрсете отырып, инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды негiздеу. Iс-шараларды iске асырудың маңыздылығы мен қажеттiлiгiн, олардың өңiр агроөнеркәсiп кешенiнiң технологиялық даму деңгейiне және еңбек өнiмдiлiгiне ықпалын сипаттау.
      6. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру аясында көрсетiлетiн негiзгi тауарлар, жұмыс, қызметтер тiзбесi, олардың сипаттамасы, өндiрiсте қолдану үшiн, жобаны орындау барысында сынақтан өткiзiп, көрсету үшiн ұсынылатын нақты шешiмдер және технологиялар, нақты шаруашылық, аудан және облыс экономикасы үшiн практикалық мәнiн бағалау. Мазмұнын, ұзақтығын, күтiлетiн нәтижелерiн, ресурстардың қажеттiлiгiн, оның iшiнде инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыруға қатысушы агроөнеркәсiп кешенi субъектiсiнiң базасында ғылыми әзiрленiмдердi (технологияларды) енгiзу және тарату бойынша ғылыми-зерттеу әдiснамасын көрсету қажет.
      7. Нәтижелiлiк: инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiнiң сан мен сапа көрсеткiштерi. Көрсеткiштерде агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерi мен облыс экономикасының еңбек өнiмдiлiгiн және өндiрiс тиiмдiлiгiн жақсартуға ықпалын бағалай отырып, жоспарланған нәтижелер туралы ақпарат қамтылуы тиiс.
      Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асырудың экономикалық тиімділігін бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып көрсету, облыстың аграрлық өнеркәсiп кешенiн дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан iс-шараның мақсаттылығын негiздеу қажет.
      8. Экологиялық бағалауда ұсынылып отырған технологиялардың қоршаған ортаға және облыстың табиғат ресурстарына ықпалын бағалау болуы тиiс (оң ықпал, ықпалсыз немесе керi ықпал). Керi ықпал болған жағдайда, мұндай ықпалдың зардабын азайту үшiн қандай әрекеттер қолданылатынын көрсету қажет.
      9. Тәуекелдер: инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi іс-шараларды табыспен аяқтау үшiн негiзгi тәуекелдер және сол тәуекелдерден өту бойынша шаралар.
      10. Жобаның тiршiлiкке қабiлеттiлiгi: инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларға қатысушы агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерiнің өндiрiсiн қаржыландыру аяқталғаннан кейiнгi тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн қабылданатын шараларды сипаттау қажет.

  Қызылорда облысының агроөнеркәсiптік
  кешен саласындағы инновациялық жобаларды
  iрiктеуді ұйымдастыру қағидасына
  4-қосымша

Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың шығыс сметасы

       мың теңге

N
Шығыстардың баптары*
Өлшем бiрлігі
Бағасы
Құны
оның iшiнде айлар бойынша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1.
Еңбекақы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.
Iссапар шығыстары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.
Тiкелей шығыстар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.
Үстеме шығыстар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жиыны:
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Ескерту:
      Бюджет қаражатынан және өтініш берушінің өз қаражатынан (бар болған кезде) қаржыландырылатын шығындар жеке көрсетілсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады