Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі N 02 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 20 мамырда N 4449 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы N 03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округі әкімінің 20.12.2013 N 03 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қазалы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 15 сәуірдегі N 8-16-122 ұсынысына сәйкес, ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округi, Қашақбай Пірімов және Мәдениет ауылдарында ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Тлеукабыловқа жүктелсін.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Құмжиек ауылдық
      округінің әкімі                        Т. Сермаханов

      КЕЛIСIЛДI
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетiнің "Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бас мемлекеттік
      ветеринарлық-санитарлық инспекторы
      _____________ М. Дүйсен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады