Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 06 мамырдағы N 06 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 мамырда N 4450 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы N 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округі әкімінің 20.12.2013 N 12 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қазалы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 25 сәуірдегі N 8-16-139 ұсынысына сәйкес, ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазалы ауданы, Шәкен ауылдық округi, Шәкен ауылында ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Баймахановқа жүктелсін.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шәкен ауылдық
      округінің әкімі                     Б. Амреев

      КЕЛIСIЛДI
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетiнің "Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бас мемлекеттік
      ветеринарлық-санитарлық инспекторы
      _____________ М. Дүйсен
      "29" сәуір 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады