Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 09 шілдедегі N 5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 02 тамызда N 4482 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 15 қазандағы N 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 15.10.2014 N 11 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 23 сәуірдегі N 203 ұсынысына сәйкес Таң ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінің, Таң ауылында ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Таң ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Р.Майжановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Таң ауылдық округі әкімі Ж. Еспенбет
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің Жалағаш аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________________ Ұ. Құланбаев
      2013 жылғы "9" шілде
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің
      Қызылорда облысы бойынша департаменті
      "Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________________ О. Аханов
      2013 жылғы "9" шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады