Ұзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 12 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 ақпанда № 4016 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаға сәйкес Ұзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін.
      2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегі шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімi                                Т. Ташмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Г. Асқарова
 

Әкімдіктің        
2013 жылғы 22 қаңтардағы 
№ 12 қаулысына қосымша  

Ұзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тiзбесі

      1. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар.
      2. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.
      3. Елу жастан асқан адамдар.
      4. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі және оданда артық айлар).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады