"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының азаматтардың жекелеген санаттары үшін Шал ақын ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының 2011 жылғы 3 мамырдағы N 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы N 352 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қарашада N 2406 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы N 152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 12.06.2015 N 152 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының азаматтардың жекелеген санаттары үшін Шал ақын ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының 2011 жылғы 3 мамырдағы № 105 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-14-130 бойынша тіркелген, 2011 жылдың 8 шілдесінде № 29 (8772) "Новатор" аудандық газетінде, 2011 жылдың 8 шілдесінде № 29 (8772) "Парыз" аудандық газетінде келесі өзгерістер (әрі қарай – қаулы) жарияланды:
      қаулының кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына, 9-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады